Педагогикалық кеңес №2




Педагогикалық кеңес №2
Хаттама №2
19.10.2022. Қатысқаны: 5
Қатыспағаны: 4 (себепті)
«ҚРБЖҒМ БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ»
«ЕСЕRS-3» ШКАЛАЛАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ . (№ 137 бұйрықпен танысу)
Күн тәртібінде:
ЕСЕRS-3 ШКАЛАЛАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ БОЙЫНША ӘДІСКЕРЛЕР МЕН ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
Тыңдалды: Мәселе бойынша балабақша әдіскері Сагиева С.З. сөз алып, педагогтарға сапаны анықтау мен бағалаудың әртүрлі тәсілдері бар екенін атап өтті. Мектепке дейінгі білім беру сапасын жан-жақты бағалау шкаласы (ECERS), бөбектер / сәбилер үшін қоршаған ортаны бағалау шкаласы (ITERS), отбасылық балабақша шкаласы (FCCERS) т.с.с. көптеген халықаралық құралдар бар. ECERS-3 мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау шкаласы - бұл 6 ішкі сыныптамаға топтастырылған 35 көрсеткішті бағалайтын ликерт шкаласы бар бақылау парақтары:
- Заттық-кеңістіктік орта
- Балаға қарау және күтім
- Сөйлеу және сауаттылық
- Белсенділік түрлері
- Өзара қарым-қатынас
- Бағдарламаны құрылымдау
Шкаланың 35 көрсеткішінде 468 индикатор бар.Әрбір көрсеткіш сапаның төрт деңгейімен 7 балдық Ликерт шкаласы бойынша бағаланады, онда әр деңгейге белгілі бір сипаттама беріледі.
Педагогикалық шешімдер:
Балабақшада мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде объективті бағалау жүргізу және тиімді шешімдер қабылдау мақсатында сапа өлшемшарттарының педагогикалық процестің ұйымдастырылуы мен оның іске асырылуы қамтамасыз етілсін, балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, ұжымда, қоғамда, мектепке бейімделуі ойдағыдай әлеуметтенуі үшін қажетті тұлғаның қасиетін қалыптастыру жұмыстары жалғастырылсын. .
Орындалу мерзімі: жыл бойы.
Жауапты : балабақша педагогтары мен тәрбиешілері.
Төрайым : Сагиева С.З.
Хатшы : Омарова Б.М.